Премьер-министр экономиканың өсу қарқынын сақтап қалуды тапсырды

Бүгін, 10:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Премьер-министр экономиканың өсу қарқынын сақтап қалуды тапсырды
фото: Оңалхан Өнерхан

Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қарау барысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылы ел экономикасы орнықты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

«Биыл экономикамыз орнықты өсім көрсетіп отыр. 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 6,4%-ды құрады. Жалпы экономикадағы оң көрсеткіштерге қарамастан, сауда, және құрылыс салаларында, сондай-ақ көлік қызметтерінде өсімнің біршама баяулап қалғаны байқалады.

Металлургия өнеркәсібіндегі өсу қарқыны да төмендеп кеткенін баса айтқым келеді. Бұл сала – экономиканың негізгі тірегі. Сондықтан оның орнықты дамуын қамтамасыз етіп, өндірістік әлеуетін толық іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау маңызды болып табылады.

Жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еске салайық, бұдан бұрын биылғы 11 айда Қазақстан экономикасы 6,4 пайызға өскені туралы жаздық.