«Дарынсыз адамның талабы көп»: Баян Алагөзова Меруерт Түсіпбаеваның сынына жауап берді

«Дарынсыз адамның талабы көп»: Баян Алагөзова Меруерт Түсіпбаеваның сынына жауап берді
Баян Алагөованың инстаграмдағы парақшасынан алынды

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) мен әнші Меруерт Түсіпбаева арасында мәдениет пен тіл мәселесіне қатысты пікір қайшылығы болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әнші Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың тарихи және мәдени мәні зор ұлттық жобаларға жетекшілік етуіне байланысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, продюсердің қазақ тілін жетік меңгермеуі, сондай-ақ дәстүр мен мәдениетті терең түсінбеуі – мұндай жобаларды сапалы атқаруға жеткіліксіз.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ұлттық классикаларды түсіруге дәстүр мен тілді шынайы түсінетін кәсіби мамандар тартылуы тиіс», – деді Түсіпбаева.

Продюсер Баян Мақсатқызы өзіне бағытталған сынды назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Instagram желісінде қысқа әрі нақты жауап берді.