«1 минут та шыдамаңыздар»: Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді

27 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«1 минут та шыдамаңыздар»: Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді
фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасында тұрмысқа шықпаған қыздарға ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Әнші алдымен жуырда Алматы облысында 21 жастағы келіншектің оқиғасын атап өтті.

«Руслан Өтепбайдан тағы бір сұмдық жағдайды көрдім…Айдың күннің аманында Алматыда Ажар деген әп-әдемі, 12 мүшесі сау, КазГУ- ді аяқтап, АГУ-де оқып жатқан келіншек, кішкентай Нурдаулет ботақанның анасы 6 қабаттан секіріп өледі… Бұл оқиға маған Мәскеуде оқып жүріп қаза тапқан Томиристің оқиғасын еске салды! Анасы талай қиындықты басынан кешіп, қоймай, ақыры Томпиды анау аты өшкір Муртузали лақтырып жібергенін дәлелдеп еді ғой. Бізде дәлелдеуіміз керек?!. 19 жасында Нәдірбек деген есерсоққа күйеуге шығып, небәрі 21 жасында кішкентай баласын тастап ,6-қабаттан неге секіреді?!»,- деп жазды әнші.

Оқи отырыңыздар: Жалғыз адамның ісі емес: Алматы облысында 21 жасар келіншек жұмбақ жағдайда мерт болды

Меруерт Түсіпбаева қыздарға тұрмысқа шыққан соң зорлық-зомбылық көрсе шыдамау керегін айтты. 

«Сіздерден өтінінемін, қыздар?!. Жүріп жүргенде жігіттің бәрі сыпайы, уйленгеннен соң концерт қоя бастайды. 1 минут та шыдамаңыздар, ондай күйеулер  өзгермейді, қолын бір рет көтерген ез, сорақылығын жалғастырады. Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін Бишімбаев 24 жылға қамалды ғой, сондай жаза берсін қанішерге. Бұл трагедияны резонанс жасап , тарату керек!»,- деп жазды М.Түсіпбаева.