Елордалық зейнеткерлер халықаралық би байқауында жеңімпаз атанды
Түркияның Анталия қаласында өткен «Dance with your soul!» халықаралық байқауында елордалық биші ата-әжелер жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оған Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының хореографиялық ансамбльдері қатысты.
Іс-шараға Түркия, Грузия, Ресей және Қазақстаннан келген ұжымдар қатысты. Байқауда жалпы 115 конкурс нөмірі ұсынылды.
Қазақстанды жоғары деңгейде «Қыздарай» халықтық ансамблі мен «Аңыз» хореографиялық ансамблі таныстырды. Біздің бишілер жарқын өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша «Сезім әуені» биі үшін «Аңыз» хореографиялық ансамблі ГРАН-ПРИ иегері атанды, ал «Кең дала» ұлттық биін билеген «Қыздарай» халықтық ансамблі ГРАН-ПРИ жеңіп алды.
Сондай-ақ, «Симфония души» классикалық биі үшін «Қыздарай» халықтық ансамблі тағы бір ГРАН-ПРИ иеленсе, «Шаттық би» заманауи үшін I орынға ие болды.
Би ұжымдары «45+ сеньорлар» санатында өнер көрсетті.