Маунтинбайк: Ташкенттегі Азия чемпионатында ел намысын сегіз спортшы қорғайды

Бүгін, 08:53
Думан Аманжол Думан Аманжол
Маунтинбайк: Ташкенттегі Азия чемпионатында ел намысын сегіз спортшы қорғайды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлтты олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасының сегіз спортшысы қатысады: Денис Сергиенко, Никита Галкин, Алексей Фефелов, Константин Казаков, Ілияс Рахимов, Татьяна Генелева, Алина Спирина, Юлия Ли.

Азия чемпионаты 23-27 маусым аралығында өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионы атанды.