Header Banner

Астанада жылдам тамақтану мейрамханасында шыққан өрт сөндірілді – ВИДЕО

Бүгін, 12:44
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада жылдам тамақтану мейрамханасында шыққан өрт сөндірілді – ВИДЕО
Фото: видеодан скриншот/ТЖМ

Бүгін Астанада Сығанақ көшесінде орналасқан сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатындағы жылдам тамақтану мейрамханасының ас үй бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері 7 минут ішінде жедел жетті. Өртті сөндіру үшін өрт оқпандары берілді.

Мейрамхана әкімшілігі келушілерді эвакуациялады.

Өрт 2 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, фритюрницадағы май тұтанып, соның салдарынан автоматты өрт сөндіру құрылғысы (АӨҚ) іске қосылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада салынып жатқан құрылыс нысанында өрт шықты.