Header Banner

Алматыда полиция бірнеше адам қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғады

Бүгін, 11:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматыда полиция бірнеше адам қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғады
Фото: ТЖМ

26 қарашаға қараған түні Алматы қаласының Бостандық ауданындағы жеке үйдің бірінен өрт шықты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жалын үйді толық шарпыған. Оқиға орнында болған адамдар зардап шеккендерге көмектесуге тырысқан. Сондай-ақ бірнеше жедел жәрдем көлігі келген.

Өрт сөндірілгеннен кейін үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу жағдайларын анықтауда», - деп хабарлады полицияда.

Еске салсақ, Астанада салынып жатқан құрылыс нысанында өрт шыққанын жаздық.