00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстан үшін әділеттілік - басты құндылық

Қазақстан үшін әділеттілік - басты құндылық
Фото: Серік Нұрмұратовтың жеке архивінен

Еліміздің Президенті 2025 жылдың 3 қаңтарында "Ana tili" газетіне берген сұхбатында заманауи кезеңдегі біршама өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Көптеген өткір де ашық сауалдарға барынша толыққанды және шынайы жауаптар берілгенін атап өткен жөн. Сұхбат барысында қазіргі әлеуметтің көңіл түйткіліндегі жүрген сауалдарға жауаптардың айтылуы қуантты. Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбаты туралы осындай пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Орташа держава деңгейіндегі Қазақстанның шешімін іздеген проблемалары жеткілікті екені анық. Тек әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларда ғана емес, сонымен қатар табиғат апаттары өткен жылы елімізді қыспаққа алғаны мәлім. Осы мәселелерді еңсеруіміз үшін маңызды құндылықтарымызды екшей түсуіміз керек. Әділеттілік қағидатының өмірдің барлық салаларында үстемдік етуі үшін Қазақстан халқының бірлігі аса маңызды. Ал бірлік болса, азаматтардың жауапкершілігі мен тәртібіне арқа сүйейді. Заң талаптарын орындауға ұмтылсақ қана, құқықтық мемлекет құра алатынымыз анық.
Президент өз сұхбатында ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең көп таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтағанын атап өтті. Жаман көрсеткіш емес. Міне, осы жерде ана тіліміздің мәртебесін өсіре түсу үшін цифрлы технологияның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдаланған жөн екенін атап өткіміз келеді. Заманның талаптарына сай бейімделу де - зерделі елдің белгісі», - деді Серік Нұрмұратов.