00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанға Ресейден келушілердің саны артты – ҰҚК

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға Ресейден келушілердің саны артты – ҰҚК
ашық дереккөз

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан, деп хабарлады Elorda.info.

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда. Ахуал ерекше бақылауда, – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.

Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.

ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.