00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды

22 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырмалар берді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады  Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», - деп жазды Берік Уәли.