00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа» бағдарды 28 жыл бұрын жасап тастады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа» бағдарды 28 жыл бұрын жасап тастады
ашық дереккөз

«Болашақ» стипендиясын алған жылдары 10 мыңнан астам отандасымыз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында сапалы жоғары білім алды. Осы уақыт ішінде халықаралық стипендияға ие қазақстандықтардың бірнеше буыны ауысты. Олардың көпшілігі туған еліне оралып, әртүрлі салаларда мансап құрды.

Әрине ол жолдың да өз қиындығы болған еді. Сол себепті, фильм авторлары 90-жылдардың басындағы тоқырау кезінде жаңа әлемге «Болашақ» бағдарламасы сынды терезе ашудың ертегі болып көрінгенін еске салды. Сонда да ол бастама жаңа тәуелсіз елдің зияткерлік іргетасына айналуы тиіс еді...

КСРО ыдырағаннан кейін елімізде нақты реформалар жүргізу, кеңестік жоспарлы экономиканың ескі «жүрегін» тоқтату және қайта іске қосу қажет болды. 90-жылдардағы дағдарыс жағдайында Президент институты осындай аппаратқа айнала білді. Экономиканың «қаны» шешуші реформалардың оттегімен қанықты.

«Жағдайды елестетіп көріңіз, үлкен империяның құрамына кіретін ел. Бірқатар кадрлар болған жоқ, өйткені бұл функцияларды орталық атқарды. Құзыреттіліктің толық блогы да болмады. Тығырықтан шығудың екі-ақ жолы бар. Біріншісі – жылдам шетелден кадрлар жалдау. Ал екінші жолы ауыр, бұл – өз кадрларын тәрбиелеу. Алайда ол стратегиялық жол еді», - деді «BTS Education» басшысы Саясат Нұрбек.

Бір қызығы, Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасы енгізілгенге дейін де болашақ кадрларды даярлау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазақстанның көрнекті бизнесмендерінің бірі, ал бұрынғы кеңестік студент Тимур Исатаев Йель университетіне оқуға шақырту алды.

«Йель мені ең жомарт пакетпен қабылдады, яғни олар білім құнын өтейтін стипендия берді. Бірақ менің қолымда 10 мың доллардың болуын талап етті. 1991 жылы студент мұндай ақшаны қайдан табады? Бірақ анам: «Мен Президенттің шетелде жас студенттерге қолдау көрсететінін айтқан сөзін естідім. Неліктен Президентке хат жазбайсың?» - деді. Мен оның кеңесіне құлақ түрдім. Тамыз айында жоғары жақтан маған қоңырау шалды. Біз бірнеше адам болдық. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің білімімізді қолдауға дайын екенін, бірақ бір шарты барын айтты. Ол шарт – білім беруді аяқтағаннан кейін біздің Қазақстанның мүддесі үшін жұмыс істеуіміз керектігі еді», - деп еске алады Тимур Исатаев өткен шағын.

Иә, кадрларды даярлау бағдарламасы әрдайым Нұрсұлтан Назарбаевтың назарында болды. Бұл болашақ ұрпақ жобасының Тұңғыш Президенттің саяси ерік-жігерінің арқасында жүзеге асқаны мәлім.

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының арқасында Қазақстанда халықаралық деңгейдегі мамандар пулы құрылған. Ол дегеніміз – жаңа тәжірибе мен корпоративтік мәдениет, жаңа идеялар, дағдылар, озық технологиялар мен жобалар. Әрине, ең бастысы, бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру жоспарының маңызды бөлігі.