«Мас күйде болған»: Астанада тұрғын үй кешені ауласында оқ атқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

фото: видеодан алынған кадр/ t.me/krispastana/713
Kris_p_astana Telegram-арнасында елордадағы «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешені ауласында белгісіз ер адамның қару қолданғаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы оқиғаға қатысты Elordainfo.kz редакциясы Астана қалалық Полиция департаментіне сауал жолдады. Полиция мәліметінше, бүгінде аулада оқ атқан 25 жастағы елордалық ұсталды.
«Осы оқиға бойынша 25 жастағы ер адам мас күйде тұрғын үйлердің бірінің ауласында өздігінен қайта зарядталатын газ пистолетінен бірнеше рет оқ атқаны анықталды. Қару тәркіленді. Құқық бұзушы уақытша ұстау орнына қамалды, іс материалдары сотқа қаралуға жіберілді»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды (ВИДЕО)

18 тамыз, 2025
ІІМ: Жеті айда 20 мың есірткі сайты бұғатталды

18 тамыз, 2025
«Ауыр жарақат белгілері жоқ»: Астанада жол апатынан аман қалған жұмысшының жағдайы белгілі болды

18 тамыз, 2025
Шерзат ісі: бүгін сотталушылардың апелляциялық шағымы қаралады