Елордадағы лифтегі оқиға: жасөспірімге қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 09:18
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордадағы лифтегі оқиға: жасөспірімге қатысты сот шешімі шықты
фото: видеодан алынған кадр

Астанада 11-ші ақпан күні лифт ішінде 5 жасар баланың бетін тілгілеп тастаған жасөспірімге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана соттарының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Сот қаулысына сәйкес, жасөспірім Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 14 жасар К.- ге қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулысы бар қылмыстық іс келіп түсті (ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2)тармағы).

Сот К.-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұра отырып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған адамға яғни Е.-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады. Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес К. созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндірген. Мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.