«Ауыр жарақат белгілері жоқ»: Астанада жол апатынан аман қалған жұмысшының жағдайы белгілі болды

фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Сарайшық» көпірінде болған жол апатынан зардап шеккен жұмысшының жағдайы туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сарайшық көшесінде болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адам жедел жәрдем қызметімен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде бейінді мамандардың тексеруінен өтті. Ауыр жарақат белгілері анықталмағандықтан, пациент амбулаториялық ем қабылдау үшін тұрғылықты жері бойынша жіберілді. Жалпы жағдайы – тұрақты»,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Астанада бүгін түнде жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті, салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды.
Ұқсас жаңалықтар