«Бір адам қайтыс болды»: Елордада жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті

Бүгін, 10:52
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views55
«Бір адам қайтыс болды»: Елордада жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада бүгін түнде жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті, салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды. Elordainfo.kz тілшісі қайғылы оқиғаға қатысты Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінен сұрап білді.

«18 тамызға қараған түні «шкода» маркалы көліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай Сарайшық көпірімен келе жатқанда жол жөндеу жұмысы жүріп жатқанын ескермей, жолдың өту бөлігінде жол жөндеп жүрген екі жұмысшыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан олардың біреуі оқиға орнында қаза тапты, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды», - деп жазылған хабарламада.