Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген ана білдіртпей есірткі жарнамалаған

фото: instagram.com/police__astana
Астананың көшесінде есірткіні жарнамалайтын 27 жастағы төрт баланың анасы ұсталды. Ол QR-кодтары бар стикерлер таратқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел қызметкерлер қауіпсіздік камераларының жазбаларынан күдікті әрекеттерді байқаған. Әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға тіпті кондиционерлерге стикерлер жабытырған.
Анықталғандай, ол Telegram арналарының біріне тіркеліп, куратордан 500-ге жуық жапсырманы таратуға тапсырма алған. Бұл үшін оған ақы төленетіні және мұның артында қылмыстық әрекеттер жатқаны да айтылған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды