Алматы маңындағы полигонда шыққан өрт оқшауланды

Бүгін, 17:12
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views62
Алматы маңындағы полигонда шыққан өрт оқшауланды
Фото: ТЖМ

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды. Бұл туралы бүгін 20 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Полигондағы өрт 15 қыркүйекте таңғы уақытта басталған болатын. Өрт сөндірушілер дүйсенбіден бері жалынмен күресіп келді.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті жұмылдырылды. 

Сонымен қатар, Өртті сөндіруге басқа облыстардың Төтенше жағдайлар департаменттері: Алматы, Шымкент, Жетісу, Абай, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ екі әскери бөлімнің әскери қызметкерлері оқиға орнына барды. Барлығы 200-ден астам қызметкер мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.

Жақында Алматы облысындағы Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты жергілікті техногендік төтенше жағдай режимі енгізілді.