«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары ағаш отырғызды

14 қыркүйек, 2025
Бақытжан Отарбаева Бақытжан Отарбаева
views307
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары ағаш отырғызды
Фото: Василий Крась

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және «Қазақстан Даму Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен елордада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz. 

Акция Астанадағы №72 мектеп-лицейінде маңында ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті дамыту, азаматтарды еріктілік қызметке белсенді тарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен оны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттыру.

Іс-шара аясында қатысушылар Елорданы көгалдандыруға өз үлестерін қосып, ағаш отырғызды.

Жас отбасылар мен қаладағы белсенді тұрғындар қатысты.

Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Балжан Қолғанат акцияға 43 отбасы қатысып жатқанын айтты.

“Отбасы күні мерекесінде №72 мектеп гимназиясының мектеп оқушылары және жас ата-налары арасында Таза Қазақстан акциясын аясында көшеттерді отырғызу шарасын ұйымдастырдық.

Акцияның негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті дамыту, азаматтарды еріктілік қызметке белсенді тарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен оны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттыру және өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету.

Шараға 43 отбасы қатысты. Елордамыздағы жас отбасылардың белсенділігін көріп, көз қуантты”, - деді ол.