Алматы-Бішкек тасжолында жол апаты болды: бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті


Алматы-Бішкек тасжолында үш көлік құралы жаппай жол апатына түсті. Салдарынан бес адам қаза тауып, төрт жолаушы зардап шекті, деп хабарлады Elordainfo.kz Алматы облысы ПД-ға сілтеме жасaп.
Sergek.kaz Instagram парақшасында Алматы-Бішкек тасжолында болған жол апатының кадрлары жарияланды. Жол апатынан жеңіл көлік пен жүк көлігіне зақым келген. Сонымен бірге жүк көлігінің тіркемесі өртке оранды.
Жарияланымға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Ведомство жол апаты Алматы-Бішкек тасжолында болған.
«Алдын ала дерек бойынша Mitsubishi Pajero автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Highlander көлігіне, сосын тіркемесі бар DAF жүк көлігінің соқтығысқан.
Апат салдарынан оқиға орнында Mitsubishi Pajero көлігінің төрт жолаушысы және Toyota Highlander көлігінде отырған бір жолаушы - бас-аяғы бес адам көз жұмды. Қалған жолаушылар медициналық мекемелерге жеткізілді», - деп мәлімдеді полиция өкілдері.



