Елде бір тәулікте 11 адам жол көлік апатынан қаза тапты
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстанда жол көлік апатынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info.
Azattyq Ruhy жазуынша, қайғылы салдарға әкеп соққан жол-көлік апаттары көбінесе жол жүру ережелерін сақтамағаннан болған.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды, атап айтқанда, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ереже сақтауға шақырады. Ең бастысы, бейқамдықтың салдары өте ауыр болатынын естен шығармаған жөн. Жылдамдық режимін, көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтаудың маңызы зор.
Ұқсас жаңалықтар