00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елімізде суды қайта пайдалану жүйесін енгізу жоспарланып жатыр

Елімізде суды қайта пайдалану жүйесін енгізу жоспарланып жатыр
Фото: freepik

Мәжіліс Су кодексі туралы заң жобасы мен оған су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Парламент Мәжілісіне сілтеме жасап. 

Түзетлер Мемлекет басшысының климаттың өзгеруі мен көршілес мемлекеттердің саясатын ескере отырып, су заңнамасын жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Еліміздің су әлеуетін сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатымен жаңа кодекс жобасында оларды қорғауға басымдық берілген. Суды сақтау үшін су объектілерінде қалуы керек су көлемі «экологиялық ағын» түсінігі енгізіледі. Бұл ретте суды пайдалану лимиттерін анықтау механизмі қайта қаралып, ол экологиялық шығынды анықтағаннан кейін қалған су көлемі шегінде есептелетін болады. Бұл ретте елдің су әлеуетін толықтыру және сақтау үшін балама су көздері, соның ішінде еріген, тасқын және тазартылған сарқынды сулар жинақталып, пайдаланылады. Заң сонымен қатар су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең төменгі өлшемдерін белгілейді.

«Жаңа Су кодексі күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде суды қайта пайдалану және (немесе) айналма сумен жабдықтау жүйелерін 5 жылға кезең-кезеңімен енгізу жоспарларын әзірлеу талап етілді. Арнайы суды пайдалануға рұқсат тек осындай жоспарлар болған жағдайда ғана беріледі», - делінген хабрламада.