00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
фото: Polisia.kz

Ақмола облысында ірі мал ұрлығының беті ашылды. Қырағы полицейлер жайылымнан ұрланған 59 жылқының «ізін суытпай» анықтап, қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері күдікті мінген автокөлікті Астана – Петропавл тасжолында тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан малдың ішек-қарыны мен терісі табылған. Жедел тергеу нәтижесінде бұл жылқылар Қырыққұдық ауылының тұрғындарына тиесілі екені белгілі болды.

Күдіктінің 59 жылқыны ауылдық жайылымнан ұрлап кеткені анықталды. Ұрланған малдың біразын ол Айдарлы ауылының маңында сойып үлгерген. Қазіргі уақытта полицейлер қылмыскердің сыбайластары болуы мүмкін деген нұсқаны жіті тексеріп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасып, оқиғаның басқа да деректері анықталып жатыр. Полицейлер ұсталған азаматтың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын мұқият зерттеуде.

Бұл оқиға мал ұрлығының ел үшін өзекті мәселе екенін тағы бір дәлелдеп, полицияның жедел әрекеті қоғам қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.