Қазақстандық жас өнерпаз Францияда өткен байқауда бірінші орын иеленді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша CMA Trophee Mondial халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.
Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.
Айта кетейік, байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты атанған.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Қызылорданың мәдени керуені Еуропа төрінде
24 қазан, 2025
Димаш Мысырда өтетін The Pyramids Echo фестивалінде өнер көрсетеді
23 қазан, 2025
«Бостандық жырының бозжорғасы»: көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған мүшайра өтеді
23 қазан, 2025
Қазақстанда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы үш жылда екі есе артты
