00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Елордада полицейді соққыға жыққан азамат ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға кеше түнде болған. Қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде билік өкіліне күш қолданған 31 жастағы күдікті анықталды.

Тергеу мәліметінше, жас жігіт дәмханада қоғамдық тәртіпті бұзып, мекемеге келген басқа келушімен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Мекеме маңында екі ер адамның төбелескенін көрген полиция қызметкері оларды тәртіпке шақырмақ болған. Алайда олардың бірі билік өкіліне күш көрсеткен.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Осы дерекке қатысты тергеу іс-әрекетері жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсеткен жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын еске салды.