Астанада Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бақытжан Жүнісбеков тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Осыған дейін ол «Есіл» ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған.
Білімі бойынша – саясаттанушы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Бақытжан Жүнісбековтің мемлекеттік қызмет жүйесінде, оның ішінде ішкі және жастар саясаты, қоғамдық даму және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл салаларында көп жылдық тәжірибесі бар.
2011-2016 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорында еңбек етіп, бөлім басшысы, басшының орынбасары және қор басшысы қызметтерін атқарды.
2016-2021 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасында жұмыс істеді.
2021-2026 жылдары Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.