Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада 8 мыңнан астам адам кәсіптік оқытуға жіберіледі
![Ернұр Қайнар](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада 8 мыңнан астам адам кәсіптік оқытуға жіберіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173881830840227587.webp)
Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елордада бірқатар маңызды шаралар өтеді. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Атап айтқанда, жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту ұйымдастырылады. Бұл бағдарлама 8 мыңнан астам адамды қамтиды, оның ішінде 5 мыңнан астам азамат нақты жұмысшы кәсіптеріне оқытылады. Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіледі.
Маңызды бағыттардың бірі – 9-11-сынып түлектеріне жұмысшы мамандықтарын таңдау бойынша кәсіби бағыт беру жұмыстары. Осыған байланысты түрлі форумдар мен кәсіби шеберлік конкурстары ұйымдастырылады.
«Жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға гранттар беру және олардың қайтарылуы, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мен бизнесін қолдау мәселелері бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген тексерістің қорытындылары жария етілді. Аудиторлық талдау кейбір бағыттар бойынша әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар бар екенін көрсетті. Осыған байланысты еңбек инспекциясы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басқармасына жұмысты жүйелі жоспарлау және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін астаналық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі жарияланған болатын.
![Жұмыc бaрыcындa еш қaтелеcуге болмaйтын мамандықты білесіз бе](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882254142943438.webp)
![Наурызбай Сүлейменов: Теміржолшы болу төзімділікті талап етеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17385620865611849.webp)
![Астаналық жұмысшылар заманауи медициналық өнім шығаруға үлес қосып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173821718934139635.webp)
![Астаналық оқушылар құрылыс материалдарын шығаратын зауытты аралады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/17380683685026277.webp)