00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды

13 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды
Фото: dimashnews.com

Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңдай қақтырған Димаш Құдайбергеннің бесігі Ұлттық мұражайдағы көрмеге қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халықтың сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайбергенді тербеген бесікті енді мұражайдан көруге болады. Ол арнайы Ұлттық мұражайдағы көрмеге қойылған.

Бұл туралы белгілі журналист Бауыржан Бабажанұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, бұл бесікке Димаш қана емес, оның әкесі де жатқан.

«Димаштың бесігі. Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл! Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер», - деп жазды БАҚ өкілі.

Фото: Бауыржан Бабажанулы