Тұрғын үй қатынастары туралы заңға қандай өзгеріс енді

13 тамыз, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views68
Тұрғын үй қатынастары туралы заңға қандай өзгеріс енді
Pixabay.com

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға енгізілген өзгеріс күшіне енеді. Оған сәйкес, мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) барлық төрағалары үй кеңесінің құрамына кіруге міндетті болады. Басқа қандай өзгеріс енгенін Elordainfo.kz тілшісі назарыңызға ұсынады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, бірлестік төрағаларына меншік иелері мен олардың балалары және жұбайлары құқылы.

«Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңында қабылданған өзгерістер негізінде 2025 жылғы 15 қыркүйектен кейін МИБ төрағасы жиналыста үш жыл мерзімге сайланады және үй кеңесінің құрамына кіреді. Төрағаларға және кеңес құрамына бекіту үшін кандидат пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың мүлкінің меншік иесі болуы тиіс. Сондай-ақ меншік иесінің отбасы мүшелері (жұбайы), пәтер, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен тұрақты тұратын балалар, ата-аналар қарауға жіберіледі».

Сондай-ақ МИБ төрағасы мыналарға құқылы:

  • Сенімхатсыз барлық соттарда, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда МИБ мүдделерін білдіру;
  • Меншік иелері жиналысының не үй кеңесінің хаттамалық шешімдері сақталған жағдайда МИБ төрағасы уақытша еңбекке жарамсыздық себебінен немесе өзге де себеппен 15 күнтізбелік күннен артық өз функцияларын орындай алмайтын жағдайларда, үй кеңесі МИБ төрағасының міндетін уақытша атқарушыны үй кеңесі құрамындағы адамдардың бірін сайлайды. Бірақ МИБ-тің жаңа төрағасы сайланғанға дейін алты айдан аспайтын мерзімге сайланады;
  • Кондоминиум объектісін басқару үшін көппәтерлі тұрғын үй басқарушысымен еңбек шартын жасасу. Ол үшін оған басқарушыны жалдау туралы өкілеттіктерді беру кезінде жиналыстың шешімі немесе үй кеңесінің шешімі қажет.

«Көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек және оның кәсіби біліктілігін көрсететін құжаты болуы тиіс», - делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдемесінде.

Еңбек шарты жасалып, рәсімделгеннен кейін басқарушы осы мәліметтерді кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізіміне енгізу үшін тұрғын үй инспекциясына ақпарат жібереді.

«Осылайша, төраға үй кеңесінің функциялары бар объектіні басқару қызметінде қалады, ал басқарушы еңбек шарты негізінде объект бойынша негізгі қызметті жүргізеді», делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 15 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттік қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Сара Қамзаева