Ақтауда медициналық туризмнің дамуы талқыланды

Бүгін, 15:02
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views39
Ақтауда медициналық туризмнің дамуы талқыланды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Ақтауда Халықаралық туристік форум өтті, оның шеңберінде медициналық туризмді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

 

Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев, сондай-ақ медицина саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Қатысушылар жағалаудағы туристік және сауықтыру аймақтарына, соның ішінде «Аққұм», «Нұр» және «Сая» санаторийлік орталықтарына барды. Олар инфрақұрылымды жоғары бағалады және өңірдің медициналық-сауықтыру қызметтері саласындағы елеулі әлеуетін атап өтті.

Форумның шеңберінде панелдік сессия өтті, онда жетекші дәрігерлер мен сарапшылар тәжірибе алмасып, саланы одан әрі ілгерілету жолдарын ұсынды.

Іс-шара соңында Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау вице-министрі мен медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен медициналық туризмді дамыту және санаторийлік-курорттық емдеу мәселелері бойынша кеңес өтті.