Астанада жүгіру жарысына 200-ге жуық адам қатысты

Бүгін, 15:32
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
views63
Астанада жүгіру жарысына 200-ге жуық адам қатысты
Фото: Elordainfo.kz/Сабина Кәкімжан

Бүгін елордадағы Махатма ганди ескерткіші жанында өткен «Viksit Bharat Run 2025»  жүгіру жарысына 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл іс-шараны Астанадағы Үндістан Елшілігі мен Байқоңыр ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

«Бұл жарыс Сева Пахвада яғни қызмет көрсету онкүндігі аясында елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Іс-шара Үндістан Премьер-министрі, құрметті Нарендра Модидің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған. «Viksit Bharat Run 2025» іс-шарасы әлемнің 150-ден астам қаласында «Ұлтқа қызмет ету үшін жүгір» ұранымен болады. Ол бірлікті нығайтуға, жаһандық серіктестікті кеңейтуге, жастардың белсенділігін, көшбасшылық қабілетін ынталандыруға жол ашады. Бүгінгі іс-шараны өткізуге қолдау білдірген Байқоңыр ауданы әкімдігіне алғысымды білдіремін», - деді  Үндістанның Қазақстандағы елшісі Я.К. Сайлас Тангал.

Сондай-ақ бүгін «Табиғат анаға бір ағаш» бастамасы аясында көшеттер отырғызылды. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға дәріптеу.