ІІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті

8 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
ІІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Фото: polisia.kz

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ішкі істер министрлігінде салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көктемнің шуақты мерекесімен нәзік жанды тәртіп сақшыларын Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов құттықтады.

Бұл күн – мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың нышаны және әйелдерге деген шынайы құрметтің белгісі. Сіздер еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Бүгінде полиция мен Ұлттық ұланның қатарында 13 мыңнан артық әйел қызмет атқарады. Олардың 659-ы басшылық лауазымда. Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін! - деді министр.

Бұл күні мінсіз қызметімен ерекшеленген, батылдығымен көзге түскен арулар марапатталды. Олардың қоғам мүддесі үшін атқарып жатқан қажырлы еңбектеріне құрмет көрсетілді.

Полиция қызметкерлері ардақты аналары мен аяулы жарларына, әпке-қарындастары мен әріптестеріне сый көрсетіп, қуанышқа бөледі.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Эстрада жұлдыздары ән шырқап, қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.