Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың жартылай финалына шықты
19 желтоқсан, 2024


Фото: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жұптық сында Жібек Құламбаева және үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд спортшылары Тхасапори Накло/Буньяви Тамчайватпен кездесті. Нәтижесінде Қазақстан-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева/Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық жұп Рия Бхатия/Зил Дисаимен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды