Астанада ересек тұрғындарға қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2 қыркүйектен бастап елордалық тұрғындарға қазақ тілін тегін оқыту курсын бастайды.
Курсқа қатысу үшін өтініштер 4-20 тамыз аралығында қабылданады.
Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинет.
Байланыс телефоны: 8 7172 24 90 52, +7 (707) 797-71-43.