Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады


Дүйсенбі, 4 тамыз күні, Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-22) ширек финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл күні Қазақстан құрамасынан 10 боксшы шаршы алаңға шығады.
Таңғы сессия (Астана уақытымен 09:00)
60 кг – Әсем Таңатар – Ю Тиань (Қытай);
65 кг – Аружан Жаңабаева – Дина Сантыбек (Қытай);
60 кг – Нұрислам Қалдыбаев – Азизбек Ходжаев (Қырғызстан);
65 кг – Илья Калинин – Дон Хён Ли (Оңтүстік Корея);
Кешкі сессия (15:00)
70 кг – Нұрбек Мурсал – Брэндон Джей Сориано (Филиппин);
75 кг – Аман Қонысбеков – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан);
80 кг – Санжаралы Бегалиев – Джан Сён Ву (Оңтүстік Корея);
85 кг – Азатбек Жолдасхан – Роки Чаудхари (Үндістан);
90 кг – Темірлан Мұқатаев – Куо Чао (Қытай);
+90 кг – Нұрасыл Асылхан – Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан).



