Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Нұрқанаттың ісі тоқтатылды. Алайда болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіретін боламыз», – деп жазды адвокат.
Сондай-ақ ол марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың анасының қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Балалардың анасы Жұмабике Нұрқанатты сағынады, Қаржаубайды да, Гүлбарамды да уайымдайды. Нұрқанат үшін де, Шерзат үшін де қайғы жұтып отыр. 4-5 адамның қайғысын Жұмабике арқалап жүр. Енді сол үйге қуаныш орнасын. Халық болып бірге қиналдық, енді халық болып қуанатын сәтке жетейікші», – деді адвокат.
Сонымен қатар адвокат Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот мәжілісі 2025 жылдың 18 тамызында сағат 11:00-де Алматы облыстық сотының ғимаратында өтетінін айтты.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғарда жасөспірім көз жұмған болатын. Кейін, 2024 жылдың желтоқсан айында, Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі Талғар шетіндегі көліктің ішінен табылған еді.
Сара Қамзаева