Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сонымен қатар жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі.
Осыған байланысты 3-25 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:04
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды