Әйелдер күресі: Эльмира Сыздықова Poland Open турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды. Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты.
Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:04
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Бүгін, 16:29
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

Бүгін, 15:43
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Бүгін, 15:07
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды