Қазақстан құрамасы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
27 қаңтар, 2025


Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Бұл туралы ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Калгари қаласында (Канада) өткен әлем кубогының кезеңінде қазақстандық конькишілер командалық спринтте керемет өнер көрсетті.
Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Ал алтын жүлде Канадаға (1:24.90) бұйырса, күміс жүлдені Польша (1:25.02) иеленді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 21:03
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

Бүгін, 16:24
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

Бүгін, 15:36
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бүгін, 12:18
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады