Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

Бүгін, 21:03
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды
фото: Olympic.kz

Халықаралық үстел теннисі федерациясының төрешілер комитеті жас төрешілерге арналған жаңа жобаның басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Онлайн тәлімгерлік, тәжірибелік семинарлар, халықаралық бағалау және нақты ортада жұмыс істеу арқылы үміткерлер 2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарына төреші ретінде қатысуға іріктеледі.

Іріктеу екі кезеңнен тұрады:

I кезең (2025 жылғы тамыз – желтоқсан): ITTF сарапшыларының жетекшілігімен онлайн тәлімгерлік, қажетті білім мен дағдыларды меңгеру.

II кезең (2026 жылғы қаңтар – тамыз): онлайн семинарлар, жобаларды бағалау және нақты жағдайдағы тәжірибелер.

2026 жылғы қазанда Дакарда қорытынды оқыту өткізіледі.

Қазақстан үстел теннисі федерациясы ITTF талаптарына сай келетін екі үміткерді ұсынды. Олар – халықаралық санаттағы төреші Дильназ Жалалдин (Алматы) және арбитр Артём Орел (Қарағанды).