Шерзат ісі: Айыпталушының қорғаушысы судьяға қарсы шағым түсірді
28 мамыр, 2025


фото: t.me/Jogargy_sot
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында айыпталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды»,- делінген хабарламада.
Әзірге сот процесінің нақты басталу уақыты белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар