Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасы жойылды
16 тамыз, 2025
фото: ҰҚК
Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
«Тінту кезінде 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
14 наурыз, 2026
Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару бойынша 2025 жылдың есебін жариялады
14 наурыз, 2026
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
14 наурыз, 2026
Дрондар және жасанды интеллект: құтқарушылар жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер