Астаналық жүзуші Франциядағы турнирде екі күміс жүлде жеңіп алды
26 мамыр, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында өткен беделді халықаралық турнирде екі бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың алғашқы күні Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде екінші нәтиже көрсетті.
Кейін ол 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуден де финалға өтіп, осы бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Мусин ел чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:15
Астаналық өнерпаз зейнеткерлер Өзбекстанда өткен байқаудан жүлдемен оралды

30 шілде, 2025
Елордалық полицейлер республикалық жарыста жоғары марапаттарға ие болды

29 шілде, 2025
Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

28 шілде, 2025
Елордалық спортшы әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты