Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

Бүгін, 12:58
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Баку қаласында (Әзербайжан) экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына арналған әлемдегі беделді International Economics Olympiad (IEO) зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биыл олимпиадаға 55 елден 280-ге жуық қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасы үздік нәтижемен әлемнің ең мықты командаларының қатарына енді және бизнес-кейс бойынша командалық кезеңде АҚШ, Жапония, Ұлыбританиядан келген қатарластарын басып озып, тамаша өнер көрсетті.

1-орын – Батырхан Мұхтархан Астана қаласындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;

2-орын – Әділет Абзалиев Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;  

2-орын – Нұрхан Төлеев Астана қаласындағы НЗМ-11-сынып оқушысы;

3-орын – Томирис Оспан Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы;

Құрмет грамотасы – Даниал Арыстан, Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы.