Елордалық спортшы әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты
Фото: olympic.kz
Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты.
Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті. Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті.
Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2025
Елордалық ұстаздар «Үздік педагог-2025» конкурсының жеңімпазы атанды
23 қазан, 2025
Астаналық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
22 қазан, 2025
«Менің Қазақстаным»: астаналық спортшылар Республика күнімен құттықтады
20 қазан, 2025
Астаналық каратэші Жапонияда тарихи жеңіске жетті
