Елордадағы «Байқоңыр» ауданында әлеуметтік нысандар салынады
31 қаңтар, 2025


Фото: Сабина Кәкімжан
Астанадағы «Байқоңыр» ауданында әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Абайұлы халықпен кездесу барысында айтты.
«Өндіріс» тұрғын алабында денсаулық сақтау бойынша жоба әзірленіп жатыр. Бұл – Өндіріс тасжолы мен С-638 көшесінің қиылысындағы дәрігерлік амбулаториялық кешеннің құрылысы. Аталмыш жоба сараптамаға 2026 жылдың ақпан айында енгізіледі», - деді аудан әкімі.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан медициналық нысандар салу мәселесі көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аллергиялық ринит неден пайда болады

30 шілде, 2025
Жеке кәсіпкерлер МӘМС төлемдері мен жеңілдіктер туралы нені білуі керек

30 шілде, 2025
Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы 240 мыңға жуық профилактикалық екпе жасалды

30 шілде, 2025
Медициналық сақтандыруда не қамтылған және оны қалай пайдалану керек