Тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы өндірілетін болды
2 маусым, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер жауапкерден тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдаған.
Сотта жасалған бітімгершілік келісімге сәйкес жауапкер 200 000 теңге өтемақы төлеуге және талап қоюшының «New balance» тауар белгісі бейнеленген тауарды жоюға міндеттенді.
Бітімгершілік келісім бекітілгендіктен, осы азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 маусым, 2026
Creative Aimaq: Қобыланды Болат елордалықтарға ерекше концерт сыйлады
28 маусым, 2026
Астанада бір топ БАҚ қызметкері баспаналы болды
28 маусым, 2026
Астанада 1800-ден астам адам POLICE RUN-2026 бұқаралық жүгірісіне қатысты