Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура

14 наурыз, 2026
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Мемлекетке қайтарылған қаражат ең жоғары стандарттарға сай спорттық нысандар салуға бағытталуда. Бұл азаматтарға, әсіресе балаларға бұқаралық спортпен айналысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін көпфункционалды спорт кешені, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі салынды және пайдалануға берілді.

Астанада жаңа жабық заманауи футбол стадионының құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ «Қазақстан» спорт сарайын реконструкциялау басталды.

Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.