Жалпыұлттық аза тұту күні

25 қыркүйекте елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

24 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
25 қыркүйекте елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
Фото: kaz.inform.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Еске салсақ, бүгін Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты.

Осыған орай, Премьер-министрдің өкімімен Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты.