Мемлекет басшысы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты

24 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Мемлекет басшысы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Еске салсақ, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу барысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.