Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
30 мамыр, 2025
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
30 сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін мерейтойымен құттықтады
30 сәуір, 2026
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
30 сәуір, 2026
Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президентін қабылдады